Жолдау — болашақтың жаршысы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын жолдаған болатын. Онда еліміз үшін маңызды, өзекті мәселелерді қозғап, оның орындалысы мен шешілу жолдары жайлы нақты тапсырмаларды ұсынғанды. Халқымыздың игілігіне бағытталған басты құжат – оң өзгерістердің бастауы екенін айқындап тұрғандай. Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік ахуалын жақсартып, өмір сапасын арттыратын бірнеше басымдықты атап өтті.
Жолдауда әлеуметтік саладағы көптеген күрделі мәселелерге ерекше назар аударылды. Елдің тұғырлылығын нығайтатын – білім, ғылым, медицина, құқық қорғау органдары екілді тегеуренді салалалармен қатар көші-қон саясаты арқылы да өзекті мәселелерді шешуді ұсынды. Адами капитал сапасын арттыру мақсатында мемлекет басшысы шетел- ден жоғары білікті кадрлар алынатындығын атап өтті. Енді ғылым, денсаулық сақтау, өндіріс, IT салаларының білікті мамандары елімізге келіп, тәжірибелерімен бөлісетін болады. Бұл дегеніміз – шетелдік әріптестерімен пікірі алмаса отырып, әлемдік жаңа құзыреттіліктер мен жаңа дағдыларды үйренуге жол ашу.
Үкіметке берілген тапсырмалар, жоспарланған бағыттар халықтың әл-ауқатын жақсартуға, ұрпақ болашағына, білім, медицина, ауылдарды көтеру және басқа да бағыттарға бастау алады. Әр Жолдау ел дамуының жаңа міндеттерін айқындап береді.
Жолдау – стратегиялық құжат. Ондағы міндеттерді жүзеге асыру мемлекетіміздің болашағын нұрлы етеді. Ел дамуы үшін жасалынып жатқан нақты жұмыстар бүгінде жұртшылықтың көңілінен шығуда. Жолдау — болашақтың жаршысы. Алда тұрған бағыттар іске асып жалғасын табады деген сенімдемін. Қазақ еліне барынша қамқорлық танытқан ел Президентінің бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған әрбір сөздің нақты іске айналатынына сенеміз!

Динара НҰРБЕКОВА

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *