Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілінің атқарылған жұмыстары туралы

Бәрімізге белгілі, Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы жарлығымен Ұлытау облысы құрылды.

Осыған орай, облысымызда бірқатар орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, оның ішінде Ұлытау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінің (бұдан әрі — Департамент) де Ережесі бекітілді.

Департаменттің құрылымдық штат кестесі 26 бірлікті құрайды Департамент 5 (бес) құрылымдық бөлімдерден тұрады (Қызметті қамтамасыз ету бөлімі, Камералдық бақылау бөлімі, Сәйкестік аудиі бөлімі, Қаржылық есептілік аудиті бөлімі, Жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны бақылау бөлімі).   

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғам өмірінде ерекше рөл атқаратынын бәріміз білеміз. Әдеп кодексі және әдеп жөніндегі уәкіл лауазымы алғаш рет Қазақстан Республикасының Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бес институтционалдық реформаны жүзеге асырудың 12-қадамы ясында мемлекеттік қызмет жүйесіне енгізілді.   

Әдеп нормалары мемлекеттік қызметшілердің қызметтік және қызметтен тыс уақыттағы қарым-қатынастардың, көпшілік алдыңда сөйлеуге байланысты міне-құлық стандарттарын егжей-тегжейлі көрсетеді және мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебіне жоғары талаптар қояды.

Әдеп жөніндегі уәкіл — кызметтік әдеп нормаларының сақталуын және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама мен Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін бұзушылықтардың профилактикасын қамтамасыз ету қызметін жүзеге асыратын, сондай-ақ өз функциялары шегінде мемлекеттік қызметшілер мен азаматтарға консультация беретін мемлекеттік қызметші болып табылады.

Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі бекітілген жоспар аясында бір қатар іс-шаралар атқарды. Атап айтқанда;

  • Департамент ғимаратынын көпшіліктің қарауына қолжетімді жерінде Әдеп кодексі мәтіні (ӘЖУ туралы мәліметтері көрсетілген QR кодымен қоса) орналастырылды.
  • Әдеп кодексі және мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл салаларындағы Қазақстан Республикасының заңнама нормаларын түсіндіру бойынша Департамент қызметкерлері арасында оның ішінде, салалық өкілеттіктер бойынша арнайы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Ұлытау облысы бойынша департаменті өкілдерінің, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласында Ұлытау облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствасы өкілінің қатысуларымен 80 жуық семинар-дәріс жұмыстары жүргізілді,
  • Ұжымда қызметтік әдеп нормаларының сақталуын, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін мониторингтеу мақсатында 6 мәрте анонимді сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға Департаменттің барлық қызметкерлері қатысып, нәтижесін талдау бойынша ұжымда оң моральдық-психологиялық климаттың қалыптасқаны белгілі болды.
  • Корпоративтік ұжымдық мәдениетті нығайту мақсатында, Департаментке жаңадан қабылданған 12 жуық мемлекеттік қызметшілерді жеке қабылдау жүргізілді. Жеке қабылдау барысында қызметттік әдеп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл нормаларымен, Департаменттің ішкі тәртібімен, ұжымдық мәдениетпен таныстырылды.
  • Мемлекеттік қызметке алғаш рет келген қызметшілерге Ант қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді.
  • Әдеп нормаларын түсіндіру жұмыстары бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің instagram, telegram әлеуметтік желілердегі парақшаларында (@qarjymin.kz, t.me/qarjyminchannel), Комитеттің интернет ресурсында (gov.kz) және әлеуметтік желілерде (@аuditpresskz), сондай-ақ,  Департаменттің instagram, facebook әлеуметтік желілерінде (@dvga_ulytau), Агенттіктің Ұлытау облысы бойынша департаментінің instagram әлеуметтік желісінде (@elgeqyzmet.ulytau) фото материалдарымен, бейнесюжеттер кеңінен жарияланды.
  • Ұжымда қолайлы жағдай қалыптастыру және моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту мақсатында, «Киелі мекенге тағзым» атты облысымыздың тарихи жерлеріне ұжымдық саяхат ұйымдастырылды, қызметкерлердің рухани байлығын арттыру және ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында, Департамент ұжымын «Театрдағы, мұражайдағы бір күні», атты мәдени-танымдық іс шаралары өткізілді, «Тағылымы мол жүздесу» атты тақырыбында жетістіккке жеткен отандасымыз қоғам қайраткері, театр және кино актері Жанболатовпен жүздесу ұйымдастырылды, сондай-ақ, «Қайырымды істер» акциясы ұйымдастылды. Бұл іс шара аясында Департамент ұжымы аз қамтылған отбасылардың үйлерін аралау сияқты қайырымдылық шараларына атсалысты. Ұжым қызметкелерімен сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, жол бермеу мақсатында, Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің аумақтық мекемесіне шығу профилактикасын жүргізді.

Қорытындылай келе, мемлекеттік қызметші болу – үлкен жауапкершілік, яғни «Мемлекеттік қызметші сегіз сағат емес, тәулік бойы жауапкершілікте болатынын» атап өткім келеді.

Осы жауапкершілікті сезіне отырып, моральдік-әдептік құндылықтарды ілгерілету арқылы мемлекеттік қызметтің беделін арттыруға, қоғамның мемлекеттік қызметке, мемлекет пен оның институттарына деген сенімін сақтауға және нығайтуға ұмтылатынымызды, сондай-ақ, Әдеп кодексі нормаларын, осы институттың идеологиясын әр бір мемлекеттік қызметшіге жеткіземіз деген сенімдеміз.

Байқожаев Дәурен Бақытұлы

 Ұлытау облысы бойынша ішкі

мемлекеттік аудит департаментінің

Әдеп жөніндегі уәкілі

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *