Еңбегің арқылы еліңе жақ

Эльмира Иманғалиқызы Абишева 1977 жылы дүниеге келген. 1994 жылы Жаңаарқа ауданы Айнабұлақ орта мектебін бітірген. Білімі -жоғары. Қарағанды қаласы «Болашақ» университетін «Юриспруденция» мамандығы бойынша бітірген. 2000-2003 жылы Қаражал қалалық сотына қарасты, Жайрем кентінде архивариус болып, 2009 -2014 жылдары Айнабұлақ орта мектебіне құқықтану пәнінің мұғалімі, және іс-жүргізуші болып жұмыс атқарған. 2017 жылдан бастап «Бидайық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ жетекші маман болып қазіргі уақытқа дейін қызмет атқарып келеді.
Ауылдың дамуына үлес қосқаны үшін ауыл әкімінің тарапынан алғыс хатпен және аудандық қорғаныс істері бөлімінен берілген тапсырманы өзінің адал ниетімен, асқан тәжірибесімен бірлесе атқарған жұмыстары үшін, бірнеше мәрте «Үздік маман» номинациясымен марапатталды. Екі қыздын анасы.Эльмира Иманғалиқызы ауылдың қоғамдық өміріне белсене атсалысады. Ауылдың саяси-экономикалық тұрғыда дамуына үлес қосып жүрген жандардың бірі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *