Жолдау – дамудың жаңаша жолы
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы дәстүрге айналып отыр. Шынында да жыл сайын Мемлекет басшысынан нақты міндеттемелер күтеміз. Бұл жолы да қазақ жұртының Жолдауды үлкен үмітпен күткені рас. Өйткені Жолдауда Қазақстанның жаңа дәуірдегі даму жолдары айқындалуы тиіс еді. Солай болды да.
1 қыркүйек еліміздің парламенттері мен үкіметінің бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауын жасады. Жолдау «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» деп аталынды. Жаңа бағдарламалық құжаттың осылай аталуы кездейсоқ емес, басты назар елдегі тұрақты экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру, экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттер дәйекті түрде шешілетін болады.
Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы дәстүрге айналып отыр. Шынында да жыл сайын Мемлекет басшысынан нақты міндеттемелер күтеміз. Бұл жолыда қазақ жұртының Жолдауды үлкен үмітпен күткені рас. Өйткені Жолдауда Қазақстанның жаңа дәуірдегі даму жолдары айқындалуы тиіс еді. Солай болды да! Мемлекет басшысының осы жолғы жолдауындағы жаңа экономикалық бағыттарының мазмұны мен сипаты көптің көңілінен шықты деп ойлаймын.
Әсіресе, энергетика, су ресурстары, көлік-логистикасы жол салаларының құрылымдарын қайта құру қажеттігіне баса назар аударды.
Халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі жақсарту жәйі де күн тәртібінен қалыс қалған жоқ. Мәселен ең төменгі жалақы деңгейі 85 мыңға дейін көтеру, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын өсіру, студенттердің шәкіртақысын көтеру, әр баланың есеп шотына ақша салу – көпшіліктің көңілінен шығары сөзсіз. Бюджетті басқаруды аудандық деңгейге беру, бұл жергілікті жерлердегі мәселелерді шешудің бірден бір жолы. Аудан және облыстық деңгейдегі қала әкімдерін сайлау, бұл демократияға жасалған қадамның көрінісі болмақ.
Ендігі мәселе жолдауда айтылған міндеттердің уақытылы халық игілігіне айналуында. Сонда ғана билік пен халықтың арасы жақындап,еліміз өркениетті мемлекеттер деңгейіне көтерілетін болады.
Айдана Байбуланова
«Сәтбаев қаласының ішкі саясат бөлімі»ММ
сектор меңгерушісі