Жолдау – жарқын күндер жоспары

Қазақстан халқының жарқын болашағына бағыт-бағдар беретін Президентіміздің 2023 жылдың 1 қыркүйегіндегі Жолдауы – мемлекетімізді жаңа деңгейге көтеруге, халқымыздың ынтымағын нығайтуға сонымен қатар қажеттіліктерді шешуге айқын іс-әрекеттер көрсетілген басты құжат десек болады. Бұл Жолдау негізінен әлеуметтік мәселелерді шешуді алға қойғанымен, басты мәселе ретінде экономикамыздың нық басуына бағытталған, атқарушы биліктегі күрделі мәселелерді шеше отырып, инфрақұрылымдық өзгерістерді нық және батыл шешкен іс-шаралармен ерекшеленді деп айта аламыз.

Жолдауда экономиканың өсуіне қатысты бірінші кезектегі басымдықтар белгіленген. Ел экономикасын қалпына келтіру, саяси және әлеуметтік-экономикалық салалардағы реформаларды жалғастыру мәселелеріне қозғалған. Жолдау халық пен елдің ең маңызды, өзекті проблемаларына жауап беретін ерекше мәнге ие екендігі айқын.
Президент елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын әлеуметтік әділеттілік, тиімділік және бәсекеге қабілеттілік басымдықтарына негізделген сапалы жаңа сектор мен дамудың жаңа қағидаттарына шығару жөніндегі іс-қимылдың тұтас стратегиясын белгіледі. Қазақстанның тыныс-тіршілігінің негізгі салаларын реформалаудың барлық басты бағыттары бойынша нақты тапсырмаларын қамтыды.
Біздің ендігі міндетіміз осы Жолдауда көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру жолында аянбай еңбек ету болмақ.

Бағдат ӘБДІРАЙЫМОВ,
Ұлытау ауданы білім бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *