Атыраулық отбасы Олимпиаданың салтанатты ашылу рәсімін көріп, спортшыларымызды қолдау үшін Парижге көлікпен барған.
Ерік Шыныбеков жұбайымен және үш баласымен бірге Атыраудан шілденің 13-і жолға шығып, 25-і күні Парижге жетті. Олар бұл сапар барысында 15 мемлекеттен өтіп, 15 мың шақырымнан аса жол жүріп өткен. Бұл сапардың тағы бір маңызды мақсаты бар.
Ерік Шыныбеков, саяхатшы: Өздеріңіз білесіздер, Астанада 8-13 қыркүйек арасында Дүниежүзілік көшпенділер ойыны болады. Мұны өзіміздің ОЛлимпиада десек те болады. Міне, осы оқиғаны өзім жүрген жерлерде адамдарға айтып, жариялап жүру менің – екінші мақсатым.