ULYTAU GO ЖАЗҒЫ ЛАГЕРІНІҢ БІРІНШІ КҮНІ ӨТТІ

 

2024 жылғы 29-31 шілде аралығында Жезқазған қаласында Ұлытау облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында жастарды әлеуметтендіруге және жан-жақты дамытуға бағытталған облысымыздың ерікті де талантты жастарына арналған «Ulytau Go» жастар жазғы лагері өтеді. 

29 шілде жазғы лагердің бірінші күні басталды. Жастар лагеріне облысымыздың әр өңірінен іріктелген 50-ден аса жас қатысуда.

Жазғы лагердің бірінші күні журналист, тележүргізуші, медиатренер, оратор, «Шапағат» және «Алтын жұлдыз» төс белгісінің иегері — Санди Султан, мобилограф, zhakifilms компаниясының негізін қалаушы — Азамат Жақиянов жастармен семинар-тренингтер өткізді.

Жазғы лагердің бағдарламасына сәйкес одан әрі жастарға арналған спортық сайыстар, топтық ойындар, квест, квиз ұйымдастырылатын болады. Лагерьдің соңғы күнін «Жошы хан» тарихи-мәдени кешеніне экскурсиямен аяқтау жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *