Жолдау – ел ертеңінің бастауы.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына еліміздің одан əрі əлеуметтік-экономикалық даму бағыттарын айқындаған Жолдауы жолданды.

Жолдаудың басым бөлігі еліміздің экономикалық əл-ауқатын арттыруға, халқымыздың дамуына арналып отыр. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында ауыл шаруашылығы саласының əлеуеті орасан зор екенін айта отырып, алдағы уақытта агроөнеркəсіп кешенінің дамыту жолдарын айқындап берді, соның бірі ретінде ауыл-аймақты дамыту үшін шағын шаруашылықтарды қолдау ретінде «Ауыл аманаты» бағдарламасының елге тиімді жұмыс істеуі ауданымыздың шаруа қожалықтарының дамуына тың серпін беруде.
Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айқындалған бағыттардың барлығы іске асырылып, болашағымыз жарқын болатынына нық сенеміз.

Абзал ЕДІЛБАЕВ,
Ұлытау ауданы ауыл шаруашылығы
бөлімінің сектор меңгерушісі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *