«Жаңаарқамыз» марапат төрінде!

Ұлытау облысы әкімінің бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлеріне арналған «Ұлар» сыйлығы екінші жыл қатарынан табысталып келеді. 28-маусым күні мерекеленетін журналистер күні қарсаңында ұйымдастырылған ауқымды байқауда біздің ұжым да бағын сынап «Әлеуметтік тақырыпты үздік жариялағаны үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды! Арнайы «Ұлар» бейнесіндегі естелік сыйлық және ақшалай сертификат табысталды.

 

 


Газетіміздің бас редактор орынбасары Әсел Сұлтанқызы Мұздыбаева облыс әкімінің Құрмет грамотасына, жауапты хатшы Салтанат Балтабайқызы Қазақстан Журналистер Одағының Құрмет грамотасына, журналист Қуаныш Ауданбайұлы Төлеутай облыстық «Аmanat» партиясының арнайы марапатына ие болды.


Журналист – билік пен бұқара арасындағы алтын көпір. Халықтың жоғын жоқтап, мұңын мұңдаушы. Өлкесінің жылт еткен жақсылығын жариялап, жетістіктерге жетелеуші. Жаңалық жаршысы ретінде абыроймен еңбек ететін журналистердің кәсіби мерекесінде дәл осындай көл-көсір қуанышқа бөлеген Ұлытау облысының әкіміне, іс-шараны ұйымдастырған тұлғаларға алғысымыз шексіз. Бұл марапат журналистер жұмысына үлкен шабыт беріп, күш-қуатын тасытатыны сөзсіз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *