ОҢ БАСТАМА, СЕНІМДІ ҚАДАМ

2023 жылдың Қыркүйек айының  1-інде Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағыты» атты халыққа кезекті Жолдауын жасады.

 Жолдауда белгіленген жаңа мақсаттар азаматтардың әл-ауқатын арттыру мәселелерін шешуге бағытталғаны қуантады. Жаңа бағдарламалық құжаттың осылай аталуы кездейсоқ емес, басты назар елдегі тұрақты экономикалық өсімге бағытталған. Осы мақсатта орта бизнесті дамыту, берік индустриялық негіз құру,экспортты ынталандыру, макроэкономикалық саясатты қайта жүктеу және т.б. міндеттер дәйекті түрде шешілетін болады.Ерекше өскелең ұрпақ пен еңбек адамына назар аударылды.Қазақстандық балалар үшін бірнеше бағыттар әзірленетін болады – бұл білім сапасын арттыру, «Келешек» Бірыңғай ерікті қаржыландырылатын жүйесін енгізу және т.б. Ал 2023 жылға дейінгі Қауіпсіз еңбек тұжырымдамасы аясындағы жұмыс ауыр өнеркәсіп салаларында жұмыс істейтін азаматтардың еңбек құқықтарын жақсырақ сақтауға мүмкіндік береді. Бұл әрқайсымыз үшін маңызды.

Сонымен қатар, көптеген прогрессивті міндеттер бар. Олар ең алдымен, су және энергия үнемдейтінтехнологиялар саласында және жаңартылатынэнергия жобаларын жүзеге асыруда. Бізболашағымызға батылдықпен қараймыз,ысырапшылдыққа, табиғи ресурстарды ұқыпсызтұтынуға орын жоқ, оны балаларымыз, немерелеріміз,шөберелеріміз үшін сақтауымыз керек.

Мемлекет басшысының Жолдауының кейбіртұстарына ғана қысқаша тоқталып, ең бастысы,Елбасы атап өткендей: «…Бізде болашақтың айқынбейнесі бар: біз Әділ Қазақстан – тең мүмкіндіктержәне прогресстер елін құрып жатырмыз». Меніңойымша, бұл жаңа Жолдаудың негізгі идеяларының бірі – Қазақстанды дамытудың нақты векторлары барқұжат.

Биыл Президент еліміздің экономикасы, саясаты мен мәдениеті ғана емес, сонымен қатар судың қолжетімділігі мен сапасы мәселесі сияқты өмірлік маңызды мәселелерді де қозғады. Осыған байланысты су және ирригация министрлігі құрылады. Көлік-логистика саласының бұрыннан келе жатқан мәселесі көтерілді. Президент Еуразияда теңіз инфрақұрылымын дамыту, көлік министрлігін қалпына келтіру және уақыт өте келе толыққанды көліктік-логистикалық мемлекет болу қажеттігін мәлімдеді. Сонымен қатар, ол цифрландыру және инновацияларды енгізу мәселелеріне ерекше назар аударатынын және стратегиялық маңызды міндеттердің бірі Қазақстанды IT-елге айналдыру болып табылатынын атап өтті. Ол өңірлік университеттер базасында барлық облыс орталықтарында тұтас инновациялық экожүйе құру міндетін қойды.

Мен Еліміздің азаматы ретінде Президенттің қазақстандықтардың өмірінің барлық салаларына оң әсерін тигізетін барлық бастамаларын қолдауға дайынмын

Бақыт Мақашова,

Сәтбаев қалалық Аналар кеңесінің мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *