Хабарландыру !!! Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев, қалаларында, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында «Қазэнергоцентр» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шекті бағаның алдағы көтерілуі бойынша жария тыңдаулар өтеді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті Жезқазған қаласы, Шевченко көшесі, 36 үй мекен — жайында орналасқан «Казэнергоцентр» ЖШС-ның Ұлытау облысының Жезқазған, Сәтбаев, қалаларында, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарында тұтынушылар үшін электр энергиясын бөлшек саудада өткізу (энергиямен жабдықтау) қызметіне шекті бағаның алдағы көтерілуі туралы ақпаратын қарауға байланысты жария тыңдаулар өткізілетінін хабарлайды.
Акпарат Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2017 жылғы 1 ақпандағы № 36 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық маңызы бар нарықтарда баға белгілеу қағидаларына сәйкес ұсынылған.
Жария тыңдаулар:
— Жаңаарқа ауданында 2024 жылғы 10 маусым сағат 12:00-де Жаңаарқа кенті, С. Сейфуллин даңғылы, 13 үй, «Жаңаарқа МДО» КМҚК мекенжайы бойынша;
— Жезқазған қаласында 2024 жылғы 11 маусым сағат 10:00-де, Бульвар Ғарышкерлер, 35 үй, «AMANAT» партиясының ғимараты мекенжайы бойынша;
— Сәтбаев қаласында 2024 жылғы 11 маусым сағат 15:00-де, Сәтбаев даңғылы 108, әкімдік ғимараты, үлкен зал мекенжайы бойынша;
— Ұлытау ауданында 2024 жылғы 12 маусым сағат 14:00-де, Ұлытау ауылы,
Абай көшесі 1, «Ұлытау аудандық мәдениет үйі» КМҚК мекенжайы бойынша өткізіледі.
Сондай-ақ, қоғамдық тыңдаулар Facebook әлеуметтік желісі арқылы онлайн режимінде көрсетіледі https://www.facebook.com/profile.php?id=100086031623395&mibextid=dGKdO6)
Жария тыңдауларға қатысуға мәслихат депутаттары, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, мемлекеттік органдар, тұтынушылар, қоғамдық бірлестіктер, тәуелсіз сарапшылар, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының, табиғи монополиялар субъектілерінің өкілдері және өзге де мүдделі тұлғалар шақырылады.
Баға жобасы туралы, сондай-ақ «Қазэнергоцентр» ЖШС қоғамдық маңызы бар нарық субъектісінен жария тыңдауларға қатысушылар экономикалық негізделген есептеулермен өзгеру себептері туралы ақпаратты сұрату құқығында.
Департаменттың байланыс телефоны: 8 (7102) 76 02 47.
«Казэнергоцентр» ЖШС-ның байланыс телефоны: 8(7212) 25-82-15.