«Халық заңгері» жалпы республикалық акциясы Қазақстанның барлық ірі қалаларында өткізілмек.
«30 мамыр күні жергілікті уақытпен сағат 10:00 Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» жалпыреспубликалық акциясы басталады».
Акцияның мақсаты – халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру және тегін заң көмегін көрсету. Кез келген азамат еліміздің заң қоғамдастығындағы ең үздік өкілдерден тегін қажетті консультация ала алады. Олардың арасында белгілі адвокаттар, нотариустар, прокурорлар, тергеушілер, сот орындаушылары, мемлекеттік органдардың басшылары және басқалары бар.
Акцияны ұйымдастырушылар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі, Zakon.kz желілік басылымы, «Параграф» ақпараттық жүйесі, мемлекеттік билік органдары және Қазақстанның үздік заңгерлері мен адвокаттары.
«Халық заңгері» акциясын өткізу дәстүрге айналды және қарапайым қазақстандықтар алғысын білдіруде. 2016-2023 жылдар аралығында акцияға 8000-нан астам үздік сарапшы және мемлекеттік органдардың шешім қабылдай алатын құзыретке ие өкілдері қатысты. Құқықтық көмекке жүгінген 165 000-нан астам азамат консультация алды.
— Жезқазған қаласы Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы Абай көшесі, 140. Басталуы 10:00
— Сәтбаев қаласы Шынболат Ділдебаев атындағы кеншілер сарай ғимаратында,Сәтбаев даңғылы, 106. Басталуы 10:00
— Қаражал қаласы ХҚК ғимаратында, Тәуелсіздік көшесі,106. Басталуы 10:00
— Жаңаарқа ауданы ХҚК ғимаратында, Тәуелсіздік көшесі, 23. Басталуы 10:00
— Ұлытау ауданы ХҚК ғимаратында, Абай көшесі, 27. Басталуы 10:00
Акция форматының Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ әлемде ауқымы мен географиясы бойынша теңдесі жоқ.