Ұлытау облысы Сәтбаев қаласы тұрғындарының құқықтары қорғалды.
Ұлытау облысы облысы бойынша Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне Сәтбаев қаласының тұрғыны Н.Б. Сұлықбаевтың «Сәт Тазалық» ЖШС-не қатысты ұжымдық арызы келіп түсті.
Жолданған арызға сәйкес белсенді тұлға Ұлытау облысы, Сәтбаев қаласы, Абай көшесі, 72 үй, 52 пәтер тұрғыны Н.Б. Сұлықбаевқа (әрі қарай — Тұтынушылар) 04.11.2022 жылы №ДЗПП-1-2022/19 санды хатымен «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының (әрі қарай – Заң) 6-1-тарауы 42-1-2-бабы 2-тармағының 1-тармақшасына сәйкес Тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі шаралары түсіндірілді.
Департаменттің жауабына және түсіндірме жұмыстарына сәйкес, тұтынушылар Заңның 6-1-тарауы 42-4-бабын басшылыққа ала отырып, «Сәт Тазалық» ЖШС-не (әрі қарай – Серіктестік) ұжымдық наразылығы табысталған.
Алайда Серіктестік тарапынан заңнама талаптарын бұза отырып, ұжымдық наразылыққа жауап берілмеген.
Осыған сәйкес, Заңның 42-4-бабының талаптарын орындамағаны үшін, Тұтынушы Заңның 42-5-бабын басшылыққа ала отырып, Департаментке 14.03.2023 жылғы №ЖТ-2023-00432400 санды ұжымдық арызы негізінде Сәтбаев қаласының тұрғындары және белсенді тұлға Н.Б. Сұлықбаев қайта шағымданды.
Департамент ұжымдық арызға сәйкес «Сәт Тазалық» ЖШС-не тұтынушылардың құқықтарын қорғау заңнамасының сақталуын тексеру жүргізіп, Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Осылайша Сәтбаев қаласы көпқабатты үйлерінің тұрғындарының ұжымдық арызына сәйкес тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөнінде талап-арызы Ұлытау облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына жолданды.
2023 жылдың сәуір айынан бастап қаралған талап арыз аппеляциялық шағымға дейін ұласып, Ұлытау облыстық сотының Сот алқасының қаулысына сәйкес бірінші сатыдағы соттың шешімінің бөлігіне өзгеріс енгізіліп, Сәтбаев қаласының көп қабатты тұрғын үйлеріне қызмет көрсету кезінде кемшіліктерді орнына келтіру туралы шешім қабылданды.
Ұжымдық арызға сәйкес жолданған талап арыздың қанағаттандырылуына байланысты 09.04.2024 жылы Сәтбаев қаласының тұрғындарына түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында семинар-кеңес өткізіліп, тұрғындар Департамент басшысына өз алғыстарын білдірді.
Ж.А. Ахметов
Департамент басшысы