Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті.

 

Кеше Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтті. Мемлекет басшысы жиында былтыр атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы кезеңнің басты міндеттері айқындалатынын атап өтті. Мемлекеттік сатып алу, мемлекет пен жекеменшік серіктестігі, құрылыс саласын реттеу жүйесін реформалау тағы бір маңызды міндет ретінде айқындап, осы бағытта бірқатар тапсырмалар берді.
Қазақстанда мемлекеттік сатып алу әрқашан ерекше бақылауда болды. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету, бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыру және өнім берушілер үшін тең жағдай жасау (мемлекеттік сатып алу жүйесіндегі демпингке қарсы күрес) бойынша тұрақты негізде жаңа шаралар қабылдануда.
Сондықтан Мемлекет басшысы осыған дейінгі айтқан Қазақстан халқына Жолдауында «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылданды және мемлекеттік көмек алатын бизнес өкілдерін сәйкестендірудің автоматты жүйесін енгізуді тапсырды.
Бұл жұмыста Мемлекеттік сатып алу арқылы алынатын тауарлар мен қызметтердің сапасын арттыруға баса назар аударылуы керек.
Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы мемлекеттік сатып алу жүйесін реформалау қажеттігін тағы да атап өтті. Мәжілісте қаралып жатқан заң жобасының ағымдағы редакциясы айтарлықтай пысықтауды талап ететінін атап өтті. Осы ретте мен Мемлекет басшысының осы бағытта берген тапсырмаларын толықтай қолдаймын және жүзеге асырылатына сенімдімін. Бұл бағытта қабылданатын Жаңа заң ел игілігіне қызмет етері анық.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *