Алаяқтардың арбауына түспеңіз

Алаяқтың қоғамға қауіптілігі – бұл алдау немесе сенімге қиянат жасау нәтижесінде болатын қылмыс деп түсінуге болады. Пайдакүнемдік қасиеттер адамдар арасында кең тараған, алдау мен жалған мәлімет айту – қазіргі күні қиынға соқпайды.
Алаяқтық — бұл жәбірленушіні алдап, пайда алу тәсілі. Қазіргі таңда алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызуға болады. Интернет бізді бұрыңғыдан көп ақпаратпен байланыстырғанымен, бүгінгі цифрлық дәуір алаяқтарға өздерінің әрекеттерін жасауды жеңілдетіп отыр. Әлеуметтік желідегі жалған хабарламалардан қаржылық шоттарға арналған құпиясөздерді алдап алуға дейін баратын алаяқтар басқа адамдардың ақшасына қол жеткізудің сансыз жолдарын тапты.
Олар жәбірленушімен байланысу үшін кез келген құралдарды пайдаланады, оның ішінде, телефон, көше поштасы, электрондық пошта және интернет. Олар сеніміңізге кіріп, ілінген кезде ақша сұрайды, одан кейін ақшаны алып таптырмай кетеді. Олардың сізді алдауға пайдаланатын сценарийлері тұрақты. Дегенмен, өзіңізді, достарыңызды және отбасыңызды алаяқтықтың ең жалпы түрлері туралы хабардар болуымен қорғаңыз.

Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *