Адам саудасына қарсы жұмыстар жандануда

Елімізде адам саудасына қатысты материалдармен танысып, мамандардың пікіріне құлақ түргенімізде, Қазақстанда балалар мен әйелдер, тіпті тепсе темір үзетін ер азаматтардың өзі де адам саудасының құрбанына айналатын оқиғалар жиі кездеседі екен.
БҰҰ мәліметіне сүйенсек, қазіргі таңда адам саудасы құрбаны болып отырғандардың 70 пайызын әйелдер құрайды екен. Бүгінде қазақстандық азаматтардың да адам саудасының құрбаны болып жатқанын жиі еститін болдық. Сондықтан адам саудасының бізге қатысы жоқ деп бейқам отырудың жөні жоқ.
Жалпы алғанда адам саудасына қарсы күрес ісіне Қазақстан билігі 2016 жылдан бастап айырықша көңіл бөліп келеді. Осы жылдан бастап еліміздің аймақтарында мәжбүрлі түрде жұмысқа жегілген азаматтарды оңалту орталықтары жұмысын бастаған еді.
Адам саудасының құрбанына айналған кез келген адам ауыр психологиялық соққы алатыны белгілі. Дамыған елдерде мұндай адамдардың қалыпты өмірге оралуы үшін оңалту орталықтары жұмыс істейді.
Бүгінде осы бағыттағы жұмыстар біздің елде де жүзеге асып, адам саудасынан жапа шеккен азаматтарға оңалту орталықтары жан-жақты көмек көрсетіп жатыр. Қазақстан билігі осындай қайғылы жайттардың алдын алу үшін түрлі бағыттағы жұмыстар атқарып жатқандығы көңіл қуантады.

Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *