Алаяқтық құрбаны болма!

Алаяқтық — бұл жәбірленушіні алдап, пайда алу тәсілі.
Қазіргі таңда алаяқтықты ауыр қылмыстар қатарына жатқызуға болады. Бүгінгі таңда ең кең таралып жатқан алаяқтықтың өте қауіптісі – ол интернет арқылы жасалатын алаяқтық. Ғаламтордағы әккілер әсіресе әлеуметтік желілерді ұтымды пайдаланып отыр. Әдетте алаяқтар әлеуметтік желілерге жалған интернет хабарландырулар орналастырады немесе аккаунт пен арнайы бет ашып, сайт жасап алады. Ең жиі кездесіп жүрген интернет алаяқтықтың түрлері: интернет арқылы сауда жасау және қызмет көрсету, сондай-ақ өздерін банк қызметкері ретінде таныстырып, жеке деректерді иемдену және бөтен біреудің атынан онлайн-несие рәсімдеу арқылы жасалатын қылмыстар болып отыр. Азаматтардың құжаттарының көшірмелерін пайдаланған интернет алаяқ құрбандарының атынан онлайн-несие рәсімдеп, жәбірленушілер қарызға батып, ешқандай дәлелдеме ұсына алмаған соң несиені өзідері төлеп шыққан фактілер де аз емес.
Алаяқтықтан сақ болудың қарапайым қауіпсіздік шаралары: дербес деректерді, пластикалық карталардың мәліметтерін, кодтарды және құпия сөздерді ешкімге хабарламау, белгісіз әрі тексерілмеген сайттар арқылы алдын ала төлем жүргізбеу, күмәнді мәмілелер бойынша ақша аударымдарын жүзеге асырмау, ұялы телефон мен компьютерге белгісіз қосымшаларды орнатпау, кез келген сілтеме бойынша өтпеу, спам хабарламаларға сенбеу болып табылады.

Janaarkagazeti-akparat

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *