Адал азамат — адал еңбек

Асылбек Иманғалиұлы Абишев
Асылбек Иманғалиұлы 5 қараша 1966 жылы Айнабұлақ ауылында дүниеге келген. Ауыл мектебіне барып, оны аяқтап, әскер алдында жүргізушілерді даярлайтын курста, Балқаш қаласындағы ДОСААФ мектебінде оқып, 1985-1987 жж. әскери міндетін шет мемлекетте, Польшада атқарып елге оралады.Еңбек жолын ауылдың автогаражында жүргізуші болып бастаған, еңбекке араласып, білмегенін үйреніп, білгенін үйретіп, еңбек атқарған Асылбек Иманғалиұлының еңбегі бағаланып, совхоз басшылығынан марапаттарға ие болды. Кейін совхоз ыдырағанда ауылда «Еңбек» шаруа қожалығында механизатор болып еңбек етті. Одан кейін, 2008 жылы Айнабұлақ орта мектебіне күзет қызметіне кіріп, қазіргі уақытқа дейін осы жұмысты абыроймен атқарып жүрген Асылбек Иманғалиұлы еңбексүйгіштігімен, тәртібімен, тәжірибесімен бағалы. Өзі де үлкен, еңбекқор отбасында тәрбиеленген, жұбайы Абишева Лидия Михайловна екеуі 6 бала тәрбиелеп өсірген, немерелерін қызықтап отырған өнегелі отбасы. Екеуі де елге сыйлы, құрметке ие, әрдайым көмек қолын созуға дайын. Осы еңбекқор отбасына амандық пен қуаныш тілей отырып, еңбегінің жемісін көре берсін дейміз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *