Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ

Сыбайлас жемқорлық ел дамуына кедергі келтіреді. Бұл жемқорлықтың қоғам үшін, адамзат үшін келтіретін ең басты зияны. Қоғамда мұндай кеселдің орнығуы, қалыпты жағдайға айналуына азаматтардың болашаққа деген сенімін әлсіретеді. Барлық мәселенің жең ұшынан жалғасып шешілетінін, жемқорлықтың етек жайғанын күнделікті көріп, біліп жүрген халықтың билікке қатысты көзқарасы төмендейді. Мұның соңы азаматтардың өз қабілетіне иек артпауына, болашаққа жоспар құрмауына әкеледі. Осылайша жалпы қоғамда барлық мәселе тек тамыр-таныстықпен, жемқорлықпен шешіледі деген түсінік орнығады. Ал, өз елі сенбейтін, өз халқы тірек көрмейтін мемлекетке басқа елдердің қызығуы әсте мүмкін емес. Бұл өз кезегінде мемлекеттің халықаралық байланыстан тыс өмір сүруіне, экономикалық, саяси байланыстардың шектелуіне ықпал етеді. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алған уақыттан бері сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүргізіп келеді.Әрине, заман алға жылжыған сайын заңдардың да жаңарып, толықтырулар мен өзгерестер енгізуді талап ететіні рас. Қазақстандағы заңдарды ізгілендіру, қылмысқа жаза тағайындаудан гөрі, қылмыстың алдын алудың мықты тетіктерін енгізу бағытында қолға алған ауқымды іс-шараларының нәтижесінде 2015 жылы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заң қолданысқа енгізілді. Бұл заң кеселдің салдарымен емес, себебімен күресуге бағытталып отыр.Сәйкесінше осы заңды басшылыққа алған құзырлы органдар сыбайлас жемқорлыққа жол бермеудің, ашық, қолжетімді қызмет көрсетудің механизмін жасауда. Бұл қатарда еліміздің сот құрылымы да бар. Бүгінде сот саласында көрсетілетін қызметтер толық электронды форматқа көшірілген. Мұның өзі жемқорлық тәуекелдерінің алдын алады.

Жаңаарқа ауданының ішкі саясат бөлімі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *