Мемлекет тірегі – саяси реформалар

Президентіміз Қасым-Жомарт ТОҚАЕВТЫҢ реформалары – мемлекетіміздің жарқын болашағына бастаушы бағдар. Бүгінгі күні Президент өкілеттіктерінің бірқатары биліктің басқа тармақтарына беріліп, нəтижесінде Үкімет қабылдайтын шешімдері үшін өзінің жауапкершілігін күшейткен. Парламент өз кезегінде Үкімет пен атқарушы органдардың қызметтерін бақылау үшін жаңа өкілеттіктерге ие болады.

Мемлекет басшысының бастамасымен еліміз суперпрезиденттік басқару формасынан біртіндеп парламенттік басқару формасына көшуде. Алайда президенттік басқару формасының да əлсіремегені дұрыс деп есептеймін. Басқарудың екі формасының тепе-теңдікте жұмыс жасауы, қоғам тарапынан қолдауға ие болады деп ойлаймын. Бүкілхалықтық референдум нəтижесінде мемлекетімізде əрекет ететін – Заң шығарушы, Атқарушы жəне Сот билігі тармақтарына өзгерістер енгізілді. Билік тармақтарында орын алған саяси жаңғырулар – еліміздің жаңа деңгейге көтерілуіне себепші болмақ. Осы орайда саяси партиялар алаңындағы өзгерістерге тоқталсақ. Мемлекет басшысының президенттік өкілеттілігі кезеңінде саяси партияға мүшелігін тоқтата тұруы, партиялар жұмысының бəсекелестігінің артуына ықпал етеді деп ойлаймын. Президент реформаларының нəтижесінде партияларды тіркеу рəсімі жеңілдетіліп, бүгінгі күні мемлекетіміздің саяси ортасында жаңа тұлғалардың пайда болғандығы мəлім.
Мемлекет басшысы ұсынған саяси реформалардың мемлекет тірегі екендігін ерекше атай отырып, оны іске асыру жолында барлық Қазақстан азаматтарының жаппай атсалысуының маңызы зор. Əділетті Қазақстанды қалыптастыруда əрбір азаматтың маңызды үлесі бар екендігін есте ұстағанымыз жөн!

Гүлнар СЫЗДЫҚОВА,
№9 Терісаққан жалпы орта білім беретін мектебінің мұғалімі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *