Жолдауға-қолдау көп

1 қыркүйек Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Президент 5 бағдар бойынша Жолдау жолдады. Оның ішінде зорлық-зомбылық жайлы сөз қозғап, тұжырымдама жасады.-Бүгін алдағы реформалардың бағыт-бағдарын айқындады. Енді мемлекетімізді және қоғамның барлық саласын жаңғырта түсуге тиіспіз. Біздің бүгінгі бастамаларымыз Қазақстанның болашағын айқындайды. Біз күн сайын ескі мен жаңаның, тоқырау мен дамудың арасынан таңдау жасаймыз. Баршаңызды ұлт мүддесі үшін ұйысуға шақырамын. Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз. Әділетті Қазақстанды құру ісі енді ғана басталды. Алдағы жолдың қиындығы көп. Бұл бағдарымыз ешқашан өзгермейді, ішкі және сыртқы ахуал қандай болса да жалғаса береді. Қол қусырып отыратындар мен қасақана кедергі жасайтындарға орын жоқ. Біз таңдаған жолымыздан айнымаймыз! Ендеше, Әділетті Қазақстанды бірге құрайық! Қасиетті Отанымызды бірге өркендетейік, ағайын,- деді Қасым Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Мемлекет басшысының әр Жолдауынан тек бірлік пен еңбектің шыңына жетер жол тек ауызбіршілікте екенін сезінеміз. Жаңа Қазақстанның жақсы жаңалықтары мен дамуына жастардың үлесі мол болар деген сенімдеміз.

Айзада Әсетқызы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *