Жолдауға үн қосайық. Жарқын болашақ бастауы-Жолдау

 

1 қыркүйек күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына жолдаған кезекті Жолдауын бар назармен тыңдап шықтық. Әрине еліміздің дамуына жыл сайын көптеген жұмыстар жасалып жатыр. Соның нәтижесін бүгінгі Жолдаудан көрдік. Саяси және экономикалық, әлеуметтік, білім-ғылым, цифрлық даму, темір жол, ауыл-аудандар, әскери қызметтер тағы басқада салаларды қамтитын толыққанды Жолдау болды деп есептейміз. Мемлекет басшысы осы Жолдауда еліміздің дамуына қатысты бес нақты бағдарға бөліп көрсетті. Оның ішінде ғылым саласына өзгертулер мен жаңа дүниелер қажет екенін, тек Астана қаласында емес еліміздің барлық аймақтарында креативті жастарды қолдау қажеттілігін атап өтті. Ол дегеніміз елінің ертеңіне алаңдайтын жастарға үлкен мүмкіндік деп ойлаймыз. Қазіргі таңда шет елдерден келіп Қазақстандық болып кеткен азаматтардың қатары да толығып жатыр, татулығымыз берік болып, еліміздің өркендеп, сырт мемлекеттерге танымал болуымызға бірге ат салысайық.

Қуаныш Төлеутай

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *