2023 жылғы 17 қазанда Ұлытау облысында терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда.
Іс-шараның мақсаты түрлі дағдарыстық жағдайлардың, оның ішінде террористік сипаттағы жағдайда құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының практикалық дағдыларын пысықтау болып табылады.
Облыс қонақтары мен тұрғындарынан түсіністікпен қарауды, тыныштықты сақтауды және дүрбелеңге түспеуді, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз.
Ұлытау облысының терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы