Республика күні-ұлттық мереке

 

      Республика күнінің тарихы Қазақстан тәуелсіздік алған жылдан басталады. Қазақстан Республикасына ерекше ықпал еткен тарихи маңызы жоғары оқиғалардың бірі. 1990 жылы 25 қазанда Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының жоғарғы кеңесінің шешімімен «Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы» декларацияның қабылдануын айтуға болады. Осы құжат еліміздің тәуелсіздік алуына жол ашты. Декларацияда Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері жарияланып, мемлекеттің бюджеті, халықаралық қатынастардағы дербестігі және жеке территориясы айқындалды.
       Сонымен қатар, 1995 жылдың қазан айының 18 күні Республика күні «ұлттық мереке» болып жарияланған бір-ақ, 2009 жылы мерекелер қатарынан мүлдем алынып тасталды.2022 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күнін қайтаруды ұсынып, бұл күнді «ұлттық мереке» мәртебесінде атап өту туралы бастама көтерді. Мемлекет басшысының бастамасын халық қолдады және заңға тиісті өзгерістер енгізілді. Нәтижесінде Қазақстан халқы қайта жаңғырған Республика күнін қазан айының 25 күні атап өтетін болды. Бұл күн мерекелер тізіміне енген елдегі жалғыз ұлттық мейрам болып табылады.
       Ұлттық мереке қарсаңында қоғамдық қызметімен танымал болып достық пен ынтымақтастықты нығайтуға және мемлекеттің дамуына елеулі үлес қосып жүрген азаматтар, президент жарлығы негізінде мемлекеттік наградалармен марапатталады сондай-ақ, мемлекеттік органдар мерекелік іс шаралар өткізеді. Себебі мұндай күн мемелекеттің дамуына елеулі әсер еткен ерекше тарихи оқиғалар қатарына жатады.
           Еліміздің егемендігіне себеп болған Республика күні, патриоттық сана–сезім қалыптастыру арқылы тәуелсіздікті одан әрі нығайтуға бастау болатына сенеміз! 

Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы

есепке алу  жөніндегі комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаменті

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *