Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралы ЕРЕЖЕ

Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауы туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. «AMANAT» партиясы «Ұлы дала» аймақтық шығармашылық байқауын (бұдан әрі – байқау) ақын, педагог, Алаш қозғалысының қайраткері Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына орай өткізеді.
2. Осы Ереже байқауды өткізу мақсаты мен міндеттерін және тәртібін айқындайды.
3. Байқаудың мақсаты – ұлттық және рухани құндылықтарды паш ететін бүгінгі отандық авторлардың шығармаларын қолдау және насихаттау.
4. Тақырыптық ұсыныстар:
Өз шығармаларында қоғамды жаңғырту мен дамыту үдерістерін бейнелейтін, сондай-ақ қазақстандықтардың заманауи дүниетанымын қалыптастыруға ықпал ететін талантты жазушыларды, ақындарды, драматургтерді, балалар жазушыларын анықтау және оларға қолдау көрсету; Мағжан Жұмабаевтың шығармаларындағы ойларды жаңғырту және ағартушылық еңбектері мен қайраткерлік ұстанымын өскелең ұрпаққа дәріптеу; Мемлекет басшысы ұсынған «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» ұғымындағы идеялар мен құндылықтарды кеңінен ашу; Жастарды отанға қызмет етуге, тарихын қадірлеуге, адамгершілік қасиеттерін насихаттауға шақыру – қаламгерлердің еңбектерінде көрініс тауып, оның тарихи жетістіктерінің маңыздылығын жастарға өнеге ету.
5. Байқаудың ұйымдастырушысы – «AMANAT» партиясы (бұдан әрі – ұйымдастырушы).
6. «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізуді үйлестіру жұмыстары республикалық және аймақтық ұйымдастыру комитеттеріне (одан әрі – аймақтық немесе республикалық ұйымдастыру комитеті) жүктеледі. Республикалық ұйымдастыру комитетінің құрамы партия Атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі. Аймақтық ұйымдастыру комитетінің құрамы аймақтық партия филиалы төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
7. Республикалық ұйымдастыру комитеті:
— байқауды өткізу тәртібін анықтайды;
— байқауға қажетті құжаттарды дайындайды;
— байқаудың басталғандығы жөнінде республикалық БАҚ-қа хабарлама дайындайды; 2
— аймақтық ұйымдастыру комитеттерінен келіп түскен материалдарды ереже
тәртібіне сай іріктеуден өткізіп байқау комиссиясына жолдайды;
8. Аймақтық ұйымдастыру комитеті:
— өңірлердегі байқауға қажетті құжаттарды дайындайды;
— байқаудың басталғандығы жөнінде өңірлік БАҚ-қа хабарлама дайындайды;
— байқауға қатысушы үміткерлерден материалдар жинақтайды;
— келіп түскен материалдарды республикалық ұйымдастыру комитетіне жолдайды;
9. Ұйымдастыру комитеттерінің жалпы құқықтары:
— осы ереженің талаптары мен шарттарына сәйкес болмағаны үшін үміткерді
байқауға қатыстырмау;
— байқаудың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау; 
— байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария
етілуіне жол бермеу;
— республикалық ұйымдастыру комитеті байқауға ұсынылған шығармалар арасында байқау шарттарына сәйкес келмейтін аймақтық ұйымдастыру
комитеттерінен жолданған материалдарды қабылдамауға құқылы.
10. Байқауға келіп түскен жұмыстарды қарау және одан әрі жеңімпаздарды анықтау «Ұлы дала» республикалық шығармашылық байқауын өткізу жөніндегі байқау комиссиясына (бұдан әрі – байқау комиссиясы) жүктеледі және байқау комиссиясы партияның Орталық аппаратында құрылады.
11. Осы ереже байқауға қатысуға үміткер барлық мүдделі тұлғаларға танысу үшін бұқаралық ақпарат құралдарында, партияның ресми сайтында және
әлеуметтік желілердегі партияның ресми аккаунттарында жариялау арқылы ұсынылады.

2. Байқауды өткізу тәртібі

12. Байқау бес номинация бойынша өткізіледі:
«Проза» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Поэзия» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Драматургия» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Әдеби сын» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Балаларға арналған шығарма» номинациясы
Бірінші орын (1 жүлде) – 1 000 000 теңге;
Екінші орын (1 жүлде) – 750 000 теңге;
Үшінші орын (1 жүлде) – 500 000 теңге;
«Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығы» арнайы жүлдесі – 1 000 000 теңге.
«Алаш аманаты» арнайы жүлдесі – 1 000 000 теңге.
13. Байқаудың басталуы туралы хабарландыру партияның ресми сайтында және республикалық, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
14. Байқауға шығармаларды қабылдау 2023 жылғы 11 қыркүйек пен 10 қараша аралығында жүзеге асырылады.
15. Аймақтық ұйымдастыру комитетінен іріктеліп, республикалық ұйымдастыру комитетіне келіп түскен шығармалар aikyn.kz сайтында «Ұлы дала»
айдары аясында жарияланады.
16. Байқауға келіп түскен жұмыстарды байқау комиссиясы 2023 жылғы 13-20 қараша аралығында қарайды. Жұмыс қорытындысы бойынша байқау комиссиясы бірлескен шешім арқылы жеңімпаздарды анықтайды.
17. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні қарсаңында Астана қаласында өтеді.

3. Байқау жұмыстарын ұсыну тәртібі

4. Байқауға 20-дан 45 жасқа дейінгі автор/авторлар қатысуға құқылы.
5. Бір автор/авторлар тобы тек бір номинацияға қатыса алады.
6. Байқауға қатысу үшін жіберілетін жұмыстар қазақ тілінде жазылады.
7. Байқауға ұсынылатын жұмыстардың тақырыбына шектеу қойылмайды.
8. Байқауда авторлардың бұрын жарияланған шығармалары қарастырылмайды.
9. Әр номинация бойынша өлеңдер циклін қабылдауға мүмкіндік беретін «Поэзия» номинациясын қоспағанда бір шығарма қабылданады.
10. Байқауға әдепсіз сөздерді қамтитын, сондай-ақ үшінші тұлғалардың этикалық нормалары мен авторлық құқықтарын бұзатын туындылар жіберілмейді.
11. Автор/авторлар байқауға қатысу үшін жұмысты жібере отырып:
— осы жұмысқа авторлық құқықтың бар екендігіне кепілдік береді;
— ұйымдастырушының туындыларды (толық және/немесе ішінара) бұқаралық ақпарат құралдарында, жинақтарда, ғаламторда, әлеуметтік желіде жариялауына рұқсат береді;
— ұйымдастырушыға қойылатын қаржылық талаптарды қоюдан бас тартады.
12. Байқауға қабылданған жұмыстар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
13. Байқауға қатысу үшін «Проза» номинациясына 25 беттен аспайтын, «Поэзия» номинациясына мәтін көлемі 5 беттен аспайтын, «Драматургия» номинациясына 25 беттен аспайтын, «Әдеби сын» номинациясына шектелмеген, «Балаларға арналған шығарма» номинациясына 10 беттен аспайтын шығармалар жіберіледі.
14. Байқау жұмыстары А-4 форматында, Times New Rоman қарпімен,
14 мөлшерде, 1,0 аралықта терілуі керек.

15. Байқауға жіберілетін материалдар:
1) Шығармаларды бүркеншік атпен партияның әр аймақтық филиалдары жанындағы байқауды ұйымдастыру комитетінің арнайы электрондық мекенжайына жолдау қажет: мысалы,
— ulydala-abai@amanatpartiasy.kz (Абай облысы);
— ulydala-aqmola@amanatpartiasy.kz (Ақмола облысы);
— ulydala-aqtobe@amanatpartiasy.kz (Ақтөбе облысы);
— ulydala-atyrau@amanatpartiasy.kz (Атырау облысы);
— ulydala-almatyobl@amanatpartiasy.kz (Алматы облысы);
— ulydala-bqo@amanatpartiasy.kz (Батыс Қазақстан облысы);
— ulydala-zhambyl@amanatpartiasy.kz (Жамбыл облысы);
— ulydala-zhetisu@amanatpartiasy.kz (Жетісу облысы);
— ulydala-qaragandy@amanatpartiasy.kz (Қарағанды облысы);
— ulydala-qostanai@amanatpartiasy.kz (Қостанай облысы);
— ulydala-qyzylorda@amanatpartiasy.kz (Қызылорда облысы);
— ulydala-mangystau@amanatpartiasy.kz (Маңғыстау облысы);
— ulydala-shqo@amanatpartiasy.kz (Шығыс Қазақстан облысы);
— ulydala-pavlodar@amanatpartiasy.kz (Павлодар облысы);
— ulydala-sqo@amanatpartiasy.kz (Солтүстік Қазақстан облысы);
— ulydala-turkistan@amanatpartiasy.kz (Түркістан облысы);
— ulydala-ulytau@amanatpartiasy.kz (Ұлытау облысы);
— ulydala-astana@amanatpartiasy.kz (Астана қаласы);
— ulydala-almaty@amanatpartiasy.kz (Алматы қаласы);
— ulydala-shymkent@amanatpartiasy.kz (Шымкент қаласы).
2) Байқауға ұсынылатын шығармалардың электрондық нұсқасы бөлек файлмен (автордың дерегінсіз) жіберіледі;
3) Шығарма бірінші бетінің оң жағына автордың бүркеншік есімі ғана жазылады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және шығарманың номинациясы көрсетілуі тиіс. Мысалы: altynsaqa_proza;
4) Автор туралы мәлімет, байланыс деректері (Т.А.Ә., тұратын мекенжайы, телефон нөмірі, электронды пошта, мекенжайы, фотосурет, автор туралы қысқаша ақпарат) бөлек файлмен қоса жолданады. Файл атауында автордың бүркеншік есімі және автордың аты-жөні көрсетілуі тиіс. Мысалы: аltynsaqa_Азамат Азаматов деп сақтауы тиіс;
5) Шығармалар 2023 жылғы 11 қыркүйек күні сағат 18.00-ден 10 қараша күні сағат 18.00-ге дейін қабылданады.

4. Жеңімпаздарды анықтау тәртібі

16. Жеңімпаздарды анықтау және сыйлықтарды беру байқау комиссиясының шешімімен жүзеге асырылады.
17. Байқау комиссиясының құрамына партия Орталық аппаратының және Қазақстан Жазушылар одағының өкілдері, мүшелері, ғалымдар, белгілі
қаламгерлер, мәдениет қайраткерлері және басқа да тұлғалар кіреді.
18. Байқау комиссиясының құрамы партия Атқарушы хатшысының бұйрығымен бекітіледі.
19. Байқау комиссиясы бірінші отырыста дауыс беру парағын бекітеді.
20. Байқауға қатысу үшін келіп түскен жұмыстарды бағалау кезінде байқау комиссиясы мынадай критерийлерді басшылыққа алады: байқаудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі, байқауға ұсынылған жұмыстың өзектілігі, авторлық  тұжырымдама дербестігі, материалдардың объективтілігі, жаңашылдығы, дәйектілігі, стилі, мазмұндау тілі, идеяның бірегейлігі, әдеби-көркем құндылығы, эстетикалық әсер ету тереңдігі.
21. Байқау комиссиясының байқау талаптарына сәйкес келмейтін байқау жұмыстарын қарамауға құқығы бар.
22. Байқау комиссиясының қорытынды отырысы, егер оған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының 3/2 қатысса, заңды болады.
23. Байқау комиссиясының шешімі отырысқа қатысып отырған байқау комиссиясы мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
24. Байқау комиссиясының шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *