Сауатты реформа — саяси жаңғыру мен орнықты дамудың кепілі

«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес», — деді Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы. Саяси сілкініс мемлекеттің серпінді дамуына ықпал ететіні сөзсіз. Халыққа әділетті қоғам керек. Әділетті қоғамның негізі саяси реформадан шығады. Сондықтан саяси реформаларға баса назар аударылғаны көңілге жұбаныш сыйлайды.

        Біздің түсінігіміздегі саяси реформа – әділетті орта орнату, яғни соның жолдарын қалыптастырып, азаматтық қоғамның принциптерін ілгерілету, демократиялық институттар құру. Бұл дүниелер орнықпай, экономиканың да, мемлекеттің де дамуы мүмкін емес. Тұтастай алғанда, атқарылған реформалар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшуді айқындап беріп, одан арғы жүйелі қайта құрулардың іргетасын қалады.

        Әділетті Қазақстан идеясы да осындай дәйекті түрде жалғастырылып келе жатқан жаңғыртудың негізін құрайтын көптеген бастама мен шешімнен өрбіді. Әділетті Қазақстан идеясының мемлекетті жаңартып, орнықтылығын арттыруға көп көмегі тигенін мойындау керек. Жаңа парадигма мемлекет пен азаматтар ортақ мақсатпен біріккен серіктестер екеніне негізделген. Ал бұл мақсат – өркендеген ел, берекелі қоғам болу. Қазақстанда бұл бағыттағы жұмыс мемлекеттік саясаттың сөзсіз басымдықтарының бірі саналады.

         Қазақстан – әлеуметтік мемлекет, азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқаты мәселелері әрқашан негізгі басымдықтардың қатарында. Бұл ретте елімізде болып жатқан жаңғырту әлеуметтік саясатты да шет қалдырған жоқ. Президенттің ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының алатын орны ерекше. Оның мәнін атауынан-ақ оңай аңғаруға болады – адамдар, олардың проблемалары мен арман-мүдделері мемлекет пен мемлекеттік саясатты жүзеге асырушылар үшін әрдайым бірінші орында тұруы керек. Орталықта да, жергілікті жерлерде де шешім қабылдаушылар үшін халықтың игілігі алға шығуы қажет.

        Соңғы жылдары мемлекет пен қоғам арасындағы диалогті институттандыру қадамдары жаңғырту мәселесінде елеулі ілгерілеуге мүмкіндік берді. Шын мәнінде, қоғамдық кеңестер «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен адамға бағытталуын арттыруға қалай әсер ететінінің айқын көрінісіне айналды.

         Міне, осылайша көптеген қиындықтарға қарамастан, бағдарымызды берік ұстанып келеміз. Ал шындығында қолға алынған реформаларды іс жүзінде толық жүзеге асырып, жемісін көру белгілі уақытты қажет ететіні сөзсіз. Ал бұқара қауымның бұған тек қана қолдау білдіретініне сөзсіз сенемін.

 

«Ұлытау облысының мемлекеттік архиві» КММ басшысы

Дәметкен Қаражанқызы Орынбасарова

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *