Аудан жастарына мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалуда!

Аудан жастарына мемлекет тарапынан шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға жағдай жасалуда!


2023 жылдың 28 — ші тамыз күні Ауыл ХДПП – ның ұйымдастыруы мен ауыл жастарын қолдау үшін «Жастарға жігер» атты керуен ауданымызға ат басын бұрған болатын. Жиынға облыстық және аудандық мәслихат депутаттары мен аудан жастары қатысты.
Кездесудің мақсаты ауыл және аудан жастарына берілетін облыстық гранттарды ұту үшін бағыт – бағдарлар туралы — Ұлытау облыстық жастар ресурстық орталығының директоры Ақансері Жанболатұлы Сүлейменов ақпарат берсе, жастарға берілетін арзандатылған несиелер оны алудағы түсіндірмелері, сонымен қатар, облыстық көлеміндегі жастарға деген қолдаулар туралы — Ұлытау облыстық мәслихатының аграрлық, жер, ауыл шаруашылығы, ветеринария жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы — Гүлназ Шөнтөреқызы Омарова, аграрлы несие корпорация АО Ұлытау облыстық филиалының директордың орынбасары — Сәбитов Мейрам Сәтбайұлы таныстырды. Модератор ретінде аудан әкімінің орынбасары Аманжолов Әсет Жұмажанұлы қатысты. Жиынға жиналған аудан аудан жастары қайтарымсыз грантқа байланысты өз сұрақтарын жаудырды.
Сонымен қатар, келген қонақтарымызбен 2023 жылы аудан әкімінің жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған грант иегері Темешбаева Нұрлыай Манасқызы Ақтайлақ ауылдық округінен «Еркемей» тігін ательесінің ашылу салтанатын ашса, 2022 жылы облыс әкімінің жастар арасында кәсіпкерлікті дамытуға арналған грант иегері Аубакиров Байбатыр ауданымыздан аргонды дәнекерлеу цехын ашты. Ашылу салтанатына ауданымызға келген «Ауыл» ХДПП құрамы, облыстық мәслихат депутаты Бекежанова Бағдат Шақарбайқызы, кәсіпкерлік бөлімінің басшысы М.Е.Ибраев қатысты. Грант иегерлерін шын жүректен құттықтай отырып, алдағы бастағалы отырған кәсіптеріне береке, істеріне сәттілік тілейміз! Ауданымыз көркейіп, кәсіпорындар саны арта берсін, жас кәсіпкерлеріміз жетістіктерге жете берсін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *