Сахара үнінің саңлағы Қайрат Байбосыновпен кездесу кеші өтті

Аудан кітапханасында “Сахара үнінің саңлағы”деген атпен елімізге белгілі әнші, Қазақ дәстүрлі ән өнерін насихаттаушы ел іргесіне келген ,туған жер топрағына табаны тиген Айбозұлы Қайрат ағамызбен жылы жүздесу өтті. Кеште мектеп оқушылары, жоғарғы оқу орнының студенттері, мәдениет саласының дүлділдері Балтабай Қызыров, Жалын Сыздықов, Бейімбет Сарымсақов, сынды ағаларымыз жырдан шашу шашып өз өнерлерін ортаға салды. Сондай-ақ Қайрат ағамыздың жастайынан өнеріне сүйсінушілері болды. Аға буын ұстаздары Жаролла Шайхин, аудандық ардагерлер ұйымының төреағасы Аманкелді Абжан құр қалмады. Ағамыздың туған ұлы суретші Мұхтар Байбосынов ағамызда осы кештен ойып тұрып орын алды.
Кітапхана ұжымы ағамыздың өмірі мен шығармашылығы туралы танымдық стенд жасап оқушы, көрермендерге айта кетті. Стенд сөрелерінде әнші ағамыздың алғашқы туындылары, газет беттеріне түскен сұхбаттары, фота және аудио нұсқадағы шығармалары көрініс тапты.
Кеш сонында ағамыз күмбезді күйден әуезді әннен шырқап салды. Қашанда өнер сахнасында енсесі биік тұратын Қайрат ағамыз аудан жұртына алғысын айтып қол жайып бата берді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *