Сыбайлас жемқорлықпен бірге күресейік

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлық елімізде ғана емес жалпы әлемнің түкпір-түкпірінде кең таралып кеткен қылмыс. Қазақстанда да, әлеуметтік құбылыс ретінде өмірін жалғастырып келеді, ол тек ауқымдылығымен ғана ерекшеленеді. Демократиялық мемлекеттің саяси және қоғамдық институттарына кері әсерін тигізіп қана қоймай, елдің болашақ дамуына елеулі қауіп төндіреді. Сыбайлас жемқорлық көрінісінің ең қауіпті нысандарының бірі парақорлық болып табылады. Парақорлық-лауазымды тұлғаның өкілеттілігін пайдалана отырып орындаған немесе орындамаған әрекеті үшін сыйақы (пара) алуы. Яғни, Лауазымды тұлғаның әрекетін сатып алу, күрделі әрі жасырын көріністе болады. Пара алудың түптамырын жою үшін пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптастыруымыз қажет. Біз бұл жәйттің алдын алу мақсатында түрлі-іс шараларды ұйымдастырып, жастармен кездесулер өткізіп, және оларға жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіріп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіріп, ел арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнатып, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбие жұмыстарын өткізу қажет. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық тәртіптік, әкімшілік-жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданған. Сондықтан барша елім дейтін азаматтар мен азаматшаларды сыбайлас жемқорлықпен бірге күресуге шақырамын.Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы болса болашақта елімізге ешқандай қәуіп болмайды деп сенеміз. Болашақ жастардың қолында!

Мадина Төлеухан,
Жаңаарқа ауданы ішкі саясат бөлімінің жастар тәжірбиесі бойынша маманы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *