МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА МАРАПАТТАЛДЫ

МЕРЕЙЛІ ОТБАСЫЛАР ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДА МАРАПАТТАЛДЫ

Елімізде ырысы мен ынтымағы жарасып, бірлігімен көпшілікке үлгі болған жанұяларды дәріптеу мақсатында жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы ұйымдастырылып келеді. Биыл аталмыш конкурстың елімізде өтіп келе жатқанына 10 жыл толып отыр.
2023 жылдың 18 тамызы күні Ұлытау облысының қоғамдық даму басқармасының ұйымдастыруымен «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының облыстық кезең жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Облыстық кезеңге Жаңаарқа ауданынан 2 отбасы қатысты, олар Ералиев ауылдық округінен Қожамұратовтар отбасы және Жаңаарқа кентінен Сейпішовтер отбасы. Ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрып қағидаларын ұстана отырып, өнегелі құндылықтарды, елжандылық қасиеттерді балаларының бойына дарытып келе жатқан бұл отбасылар Жаңаарқа ауданының намысын қорғап, жеңімпаз отбасылардың қатарын толықтырды.
Конкурстың қорытындысы бойынша Ералиев ауылдық округінен Қожамұратовтар отбасы жүлделі 3-орынға, Жаңаарқа кентінен Сейпішовтер отбасы «Өнерлі отбасы» номинациясын жеңіп алды. Жеңімпаз отбасыларды шын жүректен жеңісімен құттықтай отырып, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілейміз.Отбасыларыңыздың мерейі әрқашан үстем болсын!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *