Жолдау қоғамға серпіліс береді
«AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалында партия активтерінің қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша кеңес өтті.
Жолдаудағы мемлекетіміздің саяси, әлеуметтік және экономикалық жаңғыруына бағытталған бастамалар қоғамға серпіліс берді. Әрі бұл Жолдау жаңа, әділетті Қазақстан құру жолындағы реформалардың жалғасы ретінде барлық саланы қамтыды.
Партия мүшелері осы тың бастамаларды қолдап, тапсырмаларды жұмыла іске асыру керектігін ортаға салды. Өйткені ел мүддесі үшін еңбек етуде «AMANAT» партиясы қалыс қалмай, тұтастығымыз бен даму жолында нәтижелі әрекет ету керек деп есептейді.
Алқалы жиында жас буын партия мүшелерінің де ойларын ортаға салғаны өте маңызды болды.
Еліміздің басты құндылығы – адам. Ұлттық қорға түскен қаражаттың балаларға бөлінетіні туралы бастама, кейбір жемқорлардың заңсыз тапқан ақшасы мемлекет игілігіне жұмсалатыны да – еліміздің әлеуметтік әділеттілікке бағыт алуының бірден-бір көрінісі және оның тетіктерін де анық айтып берді.
Президенттің монополистерге «Тарифті инвестицияға айырбастау» жаңа тариф саясатына көшу керек екендігі, желілер мен қуат көздерінің тозу деңгейін кемінде 15 пайызға азайту қажеттігін, бюджет саясатына реформа жасалатыны, еліміздің агроөнеркәсіп кешені мықтап қолға алынатыны туралы айтқаны дәл қазір маңызды.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні: бұл Жолдау – әділетті Қазақстан құрудағы саяси дамудың жүйесі, жалпыхалықтық референдумда қолдау тапқан конституциялық өзгерістерді нақты іске асыру бағдары.
Бекзат АЛТЫНБЕКОВ,
Қарағанды облыстық «Amanat» партиясы филиалының атқарушы хатшысы