Жаңа кезеңге – жаңа реформалармен
Мемлекет басшысы жаңғырту жөніндегі күн тəртібінің маңызды бағыты ретінде дарынды, білікті адамдарға, өз халқы мен елінің шынайы патриоттарына жол ашуға тиіс қағидаға құрылған жаңа кадр саясатын айқындады. Президент енді мемлекет басқару ісіне қоғамның неғұрлым ауқымды топтарын заңнамалық деңгейде тарта бастады. Келесі кезекте жергілікті өзін-өзі басқару институтын кезең-кезеңімен нығайту үдерісі тұр.
Түбегейлі өзгерістер еліміздің жаңа дəуірге қадам басуына жол ашты. Қоғамдық белсенділіктің жаңа алаңы құрылды. Сондықтан да саяси реформа елдігімізді жаңғырту үлгісіне айналды деп батыл айта аламыз. Ең бастысы, алға қойған мұрат-мақсаттарға қол жет кізуге бізде қажетті саяси ерік-жігер молы нан табылады. Енді тек халықтың жағдайын жақсартатын нақты нəтижелер керек.
«Халыққа қажетті реформаларды жүзеге асыру – менің мемлекет басшысы ретіндегі басты міндетім. Саяси жаңғыру болмаса, елімізді орнықты дамыту, ауқымды əлеуметтік-экономикалық өзгеріс жасау мүмкін емес», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Саяси сілкініс мемлекеттің серпінді дамуына ықпал ететінін сарапшылар да құптайды.
Күрделі кезеңде халықтың басын біріктіретін құндылықтар əділдік, шындық жəне адамгершілік екені белгілі. Сондықтан Мемлекет басшысының халық бола шағы жолындағы шешімді қадамдары бəрімізді əділеттікке, бірлікке, өркендеуге бастайтыны сөзсіз.
Бүгінгі мемлекетіміздің дамуы – сындарлы саясат пен елдік ынтымақтың арқасы. Мемлекет басшысының айтқан əрбір сөзі барлық салада қарапайым азамат құқықтарының басымдығымен байланысты екенін көрсетті. Осы сəтте ел тағдыры үшін жұмыла білген бүкіл халқымызға Президентіміз өзінің шынайы ризашылығын білдірді. Ең басты сы, береке-бірлікті, тыныштық пен тұрақтылықты сақтауымыз қажет. Енді Қазақстанда дамудың жаңа кезеңі басталады. Бұл шынайы жаңару кезеңі болады. Егемен елімізді бірге өркендетейік! Халқымыз үшін тəуелсіздік бəрінен қымбат. Жаңа Қазақстанды бірге құрайық Сондықтан да бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болғай.
Гүлназ САҒЫМБЕКҚЫЗЫ,
«Борсеңгір ауылдық округі əкімі аппараты» ММ бас маманы