ЖАҢҒЫРУДЫҢ ӨЗЕГІ — САЯСИ РЕФОРМАЛАР

Мемлекет басшысының саяси реформаларын жүйелі жүзеге асыруда Ұлытау ауданының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінде барлық мемлекеттік көрсетілетін қызметтер толықтай электронды форматқа көшірілді. Бүгінде мүмкіндігі шектеулі адамдарға берілетін əлеуметтік құралдардың барлығы əлеуметтік портал арқылы жүзеге асады. Яғни, жеке оңалту бағдарламасы жасақталған кез келген мүгедектігі бар адам үйінде отырып-ақ қажетті құралдарын тікелей жеткізушіден таңдап ала алады.

Сонымен қатар, Əлеуметтік Кодекс 2023 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енгенін атап өткен жөн. Бұл ел дамуында жаңа əлеуметтік саясатты көздеген құжат болары сөзсіз. Яғни, Мемлекет басшысы жариялаған ауқымды өзгерістердің маңызды қыры саналады. Жаңа Кодексті енгізудегі басты мақсат – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету. Мемлекеттік қызметтердің барлығы қазақстандықтарға қолжетімді болуы əрі ешқандай кедергісіз жүзеге асуы тиіс. Осы мақсатта азаматтық хал актілерін тіркеудің кейбір функциялары Халыққа қызмет ксету орталықтарына жүктеліп жатыр. Бұл саладағы өзгерістер халықтың уақыт жəне қаражат шығындарын едəуір қысқартып, мемлекеттік қызметтерді барынша сандық форматқа көшіруге мүмкіндік береді. Осы саладағы функцияларды түгелдей жергілікті атқарушы орыннан «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына беру жоспарланып отыр. Əрбір салада орын алып жатқан осы секілді түбегейлі өзгерістер республиканың жаңа дəуірге қадам басуына жол ашуда. Соған сəйкес қоғамдық белсенділіктің жаңа алаңдары да құрылып жатыр. Ал, қандай кезеңде де, қандай өзгеріс болса да халықты бір арнаға тоғыстыратын бірлік, əділдік жəне адамгершілік екені белгілі. Президенттің алға қойған барлық саяси реформалары, оның негізінде əр салада атқарылып жатқан жұмыстар осы құндылықтар арнасында топтасып, өркендеуге қадам бастайтыны сөзсіз. Əрбiр адамның жеке басы мен бостандығын құрметтейтiн, өзiне-өзi қызмет етуге жағдайы жоқ жандарды қамқорлыққа бөлейтiн, қандай еңбектi болса да қадiрлейтiн, ана мен баланы қорғайтын, зейнеткерлерге қамқор болатын, ардагерлер мен Отан қорғаушыларды ардақ тұтатын қоғам болып, «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыруды жүзеге асыруға бірге атсалысу керек. Бұл бəріміздің азаматтық борышымыз деп санаймын.

Арайлым ТАШЕНОВА,
Ұлытау ауданының жұмыспен қамту жəне əлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі.


Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *