Президент Үкімет жұмысын сынады
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметтің жұмысын сынады. Әсіресе жанармай нарығындағы жағдай халықтың әділетті алаңдаушылығын туындатып отыр.
«Жалпы, ашығын айтуымыз керек, Үкіметтің жұмысында қайта-қайта олқылықтар болып жатыр.
Біресе жанар-жағармай, біресе шекер жетіспейді. Осының бәрі Үкіметтің нақты шешім қабылдауға келгенде өте баяу қимылдап, батыл қадам жасай алмауынан болып отыр.
Мұндай жағдайға азаматтардың да көңілі толмайды. Әрине, бұл – орынды. Сондықтан, дәл осылай жалғаса берсе, тағы да нақты кадрлық шешімдер қабылдауға тура келеді», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев