Шетелдік нөмірлі көліктерді тіркеуге біржолғы рұқсат берілмек
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында елге заңсыз кіргізілген көліктерді тіркеу үшін біржолғы шешім жасауды ұсынды.
«Сонымен қатар, биылғы 1 қыркүйекке дейін кіргізілген осындай автокөліктерге қатысты жағдайды реттеу қажет. Оларды заңдастыру үшін 200-250 мың теңгеден аспайтын сомада кәдеге жарату және бастапқы тіркеу үшін біржолғы алым алуды ұсынамын. Бұл шаралар іздеуде тұрмаған және кедендік «тазартудан» өткен автомобильдерге қатысты болуы тиіс», — деді Мемлекет басшысы.