Жезқазғанда жол таңбаларын сызу жұмыстары жалғасуда
Биыл «Жезқазған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ-мен «Жезқазғанавтотранссигнал» ЖШС арасында «Жезқазған қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет көрсету» нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісім-шарт жасалды.
Сметалық құжаттамада жыл сайын 50 жол белгілерін ауыстыру, 13 мың ш.м. жол таңбасын белгілеу, сондай-ақ 36 бағдаршам мен 72 аялдама павильонына техникалық қызмет көрсету қарастырылған.
Жұмыстарды 2025 жылдың 31 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланып отыр.