Ұлытау ауданында егін егу науқаны аяқталды

Бүгінде Ұлытау ауданы бойынша өсімдік шаруашылығымен 28 шаруа қожалығы айналысуда (оның ішінде 23 егін шаруашылығы, 5 шаруашылық картоп, көкөніс шаруашылықтары).

2023 жылға жоспарланған егістік алқаптың жалпы көлемі – 20868,7 гектарды құрайды. Оның ішінде: бидай — 19500 гектар, арпа – 1300 гектар, картоп – 40 гектар, көкөніс – 12 гектар.

Көктемгі егіс науқанына ауыл шаруашылығы техникаларынан — 50 дана трактор, 180 дана дән сепкіш, 2 дана егін себу кешені қатысты. Жүк тасымалдайтын техника саны – 30 дана.

Көктемгі дала жұмыстарына қатысушы жұмыскерлер саны – 108 адамды құрады.

«Бекетай Баба» шаруа қожалығы 50 тонна бидай, «Умирбеков О» 16 тонна бидай, «Айдын» 9 тонна бидай, «Кеңгір» 40 тонна бидай айна, 10 тонна арпа егіп отыр.

Егін себу науқанына жеңілдетілген бағамен 1 литріне 212 теңгеден дизель жанар-жағармай алды. Науқандық жұмысқа 266,8 тонна жұмсалды.

Жалпы, аудан бойынша егін себу науқаны 2023 жылдың 10 мамыры басталып, 4 маусымға дейін толық аяқталып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *