Ұлытау облысында «Жасыл ел» еңбек жасағы тұңғыш рет өз жұмысын бастады

Бүгін облыс орталығында «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының алғашқы маусымының салтанатты ашылуы өтті.

Биыл облыс бойынша «Жасыл ел» қатарына 14-35 жас аралығындағы 500 жауынгер қабылданып, маусым-тамыз айларында көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына қатысады.

Бағдарламаны іске асыруға жергі­лікті бюджеттен 63 миллион теңге бөлінді. 14-16 жас аралығындағы жастарға 70 000 теңге, ал 16 жастан жоғары жастарға 105 000 теңге айлық төленеді.

Шара соңында жасақ мүшелері Ұлытау облысының ТЖД қызметкерлері өткізген өрт қауіпсіздігіне байланысты мастер-классқа қатысты.

Айта кетейік, жастардың бос уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін аталмыш жоба 2005 жылдан бері табысты түрде жүзеге асып келеді.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *