ҰЛЫТАУ ОБЛЫСЫНДА ӘЛИХАН БӨКЕЙХАН РУХЫ ҰЛЫҚТАЛДЫ

Бүгін 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай Сәтбаев, Жезқазған, Қаражал қалалары мен Ұлытау, Жаңаарқа аудандарында «Әлихан Бөкейхан – ұлт азаттық күрескері» атты танымдық-деректі фильмнің көрсетілімі өтті.

Көрермендер фильм авторы әлихантанушы Тұңғышбай Мұқан мен продюсер Медеу Әбеузардың шығармашылық ізденістері арқылы шығарылған кинотуындыны ерекше ықыласпен қабылдап, жоғары баға берді.

Алаш Орда автономиясының төрағасы Әлихан Нұрмұхамедұлының рухын ұлықтауға арналған игі іс-шара Ұлытау облысының барлық қалалары мен аудандарын толық қамтып, жұртшылықтың айрықша назарын аударуымен ерекшеленді.

Фильм соңында көрермендер Әлиханның шырақшысы атанған Тұңғышбай Мұқанға алғыс-тілектерін білдіріп, құрмет көрсетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *