Сәтбаевтықтар саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алды.
Жиында тағдырдың қатал сынағына ұшыраған боздақтарға құрмет көрсетіліп, бір минуттық үнсіздікпен басталды.
Тарихымыздағы қайғылы да қасіретті жылдарды еске алуға арналған шараға қала әкімі Шапағат Әубәкір қатысып, қуғын-сүргін кесірінен жазықсыз жапа шеккен қайраткерлердің есімдерін еске алу, олардың рухтарына құрмет көрсетуді әр уақытта да есінен шығармау, басты парызымыз, екенін атап өтті.
Іс-шара Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында «Әлихан Бөкейханов — ұлт азаттық күрескер» атты деректі фильмнің көрсетілімімен аяқталды.