Тіл абыройы – ұлт мәселесі
Іс-шараға тіл жанашырлары, мекеме басшылары, өңірлердегі мемлекеттік тілге жауапты мамандар және Астана, Алматы, Қарағанды қалаларынан келген қонақтар қатысты.
Семинар Ұлытау облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ә.С. Омардың құттықтау сөзімен басталды. Құттықтау сөзді ақын, филология ғылымдарының кандидаты Ғ.Е.Ештанаев жалғастырды.
Әрі қарай ғалымдардың танымды баяндамалары тыңдалып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берілді. Жарыссөзге шыққан тіл жанашырлары мен жастар көкейкесті ойларын ортаға салды.
Іс-шара соңында қорытынды жасалынып, қатысушы-баяндамашылар алғыс хат, дипломдармен марапатталды.