Биыл Сәтбаевта екі тұрғын үйдің құрылысын аяқтау жоспарлануда
Сәтбаевта «Отбасы банк» бағдарламасы арқылы 56 пәтерлік тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Жоспар бойынша тұрғын үйде бір бөлмелі — 25, екі бөлмелі — 24, үш бөлмелі — 7 пәтер болмақ.
Осы жылы қалада 56 және 30 пәтерлік тұрғын үйлердің құрылысын аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар 6-шағын ауданынан тағы 2 үй салуға рұқсат алынып жатыр.
Суретте «Астана Премиум Строй»ЖШС мердігерлік ұйым салып жатқан Тәуелсіздік даңғылы 15/ 1-де орналасқан тұрғын үй.