5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні
Қалаларда көктемгі-жазғы кезеңде ауадағы азот оксидтерінің (NOx) негізгі көзі автокөліктер екені белгілі. Қазіргі уақытта қалаларда азот оксидтерінің фондық концентрациясы рұқсат етілген нормадан асып түседі. Осыған байланысты Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні, яғни 2023 жылдың 5 маусымында «Автокөліксіз күн» акциясын өткізуді ұсынамыз.
Бұл күні көлікті пайдаланудан бас тарту арқылы бұл акцияны қолдап, халық арасында ақпарат таратуды сұраймыз. Сонымен қатар, сенбіліктер мен басқа да экологиялық шараларды өткізуге болады.