«МҰРАГЕР-2023» І облыстық шығармашылық байқауының гала-концерті өтті

2022 жылдың қараша-желтоқсан айларында Ұлытау облысының білім беру ұйымдарында балалар мен жасөспірімдер арасында «Мұрагер – 2023» І облыстық шығармашылық байқауы ұйымдастырылған болатын.

Жезқазған қаласындағы Халықтар достығы мен мәдениеті үйінде аталған байқаудың гала-концерті өтті. Салтанатты іс-шара барысында байқаудың 168 бас жүлде иегері марапатталды.

Байқау қатысушылары аспапта орындау, хореография, театр өнері, вокал, бейнелеу өнері, хор өнері жанрлары бойынша сынға түсті. Сонымен қатар, «Тик-ток» арнайы номинациясы белгіленген болатын.

Сайыстың мектепішілік кезеңіне 5370 оқушы, 2023 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткен аудандық және қалалық кезеңге 2185 оқушы қатысты. Байқаудың қорытынды облыстық кезеңіне 833 оқушы қатысты.

Тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған шығармашылық байқау көптеген өнерлі баланы анықтауға мүмкіндік берді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *