Өңірде құс шаруашылығын дамыту үшін жаңа екі ғимарат салынды

Ұлытау облысындағы құс шаруашылығы саласында қос жоба іске асырылуда. Олар: Ет бағытындағы құс фабрикасын құру және жұмыртқа құс фабрикасын жаңғырту.

Аталған жобалардың инвесторы — «Ахтямов» ШҚ. Кәсіпкер Р.Ахтямовтың айтуынша, құс фабрикасының қуаттылығы жылына кемінде 1 мың тонна ет құрайтын болады.

Бүгінгі таңда өңірде бройлер өсіру бойынша 2 ғимарат салынды. Тиісті инфрақұрылым жүргізілді, қажетті жабдықтар әкелінді. Қазіргі уақытта іске қосу-реттеу жұмыстары үшін шетелдік маман күтілуде. Объектіні пайдалануға берудің болжамды мерзімі осы жылдың шілде айы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *