Ұлытау облысы мәслихатының алғашқы сессиясы өтті
Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлытау, Абай және Жетісу облыстарын құру туралы Жарлығы күшіне енді. Осыған орай, Жезқазған қаласында жаңадан ашылған Ұлытау облысы мәслихатының алғашқы сессиясы өтті.
Сессияға аймаққа қарасты 3 қала мен 2 ауданның әкімдері және Қарағанды облыстық мәслихатынан бөлініп шыққан 12 депутат қатысты. Жиын барысында Мәслихат хатшысы сайланып, тұрақты комиссия мүшелері бекітілді. Жиынға қатысушылардың ұйғарымы бойынша Бауыржан Шыңғысов облыстық мәслихаттың хатшысы болып сайланды.