Ұлытау өңірінің экологиялық жағдайын зерделеу жұмыстары жалғасуда

Облыс әкімдігінде төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп жариялануы тиіс аумақты (акватория) зерделеу жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті. Жиын барысында «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС өкілдері мамыр айында атқарылған жұмыстардың қорытындысын таныстырды.

Аталған жоба бойынша зерттеудің ерекшеліктеріне «ЭКОСЕРВИС-С» ЖШС атқарушы директоры С.Асқаров тоқталды. Ол жобаны кешенді жанжақты жүргізу керектігін айтты. Орындаушылар, комиссия мүшелері, жұртшылық арасында белсенді ақпарат тарату қажеттігін атап өтті.

Жиынға қатысушылар жобаның жүзеге асырылу барысы туралы жұртшылық пен қала тұрғындарын кеңінен хабардар ету керектігін ұсынды.

Айта кетейік, Президент Қ.Тоқаев 2022 жылы Ұлытау облысына жұмыс сапарында Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының кей бөлігі төтенше экологиялық жағдай аймағы немесе экологиялық апат аймағы деп танылса, «Арал өңіріндегі экологиялық апат салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» заңына өзгерістер енгізуді тапсырған болатын.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *