Жезқазғандағы Бейбітшілік және Алашахан даңғылдарына жол таңбалары сызылуда

Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындысы бойынша «Жезқазғанавтотранссигнал» ЖШС-мен «Жезқазған қаласының жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету қызметі» нысаны бойынша шарт жасалды.

Сметалық құжаттамада жолдарды таңбалау, жол белгілерін, бағдаршамдарды, жаяу жүргіншілер қоршауларын, аялдама павильондарын күтіп ұстау қарастырылған.

Суретте Бейбітшілік даңғылы бойындағы жол сызықтары көрсетілген.

Бүгінде мердігер мекеме Алашахан даңғылының бойында жол таңбаларын сызуды қолға алуда. Жұмысты биылғы жылдың 31 желтоқсанына дейін толық аяқтау жоспарланып отыр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *