Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапармен барды

Мемлекет басшысы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинмен келіссөз жүргізеді. Кездесу барысында екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту, мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету мәселелері қарастырылады.

Президент 18 мамырда Қытайдың ірі компанияларының басшыларымен кездеседі, сондай-ақ Сиань қаласындағы құрғақ портта Қазақстанның логистика орталығының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.

19 мамырда «Орталық Азия – Қытай» саммитіне қатысады. Сонымен қатар еліміздің Сиань қаласындағы Бас консулдығының салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысады деп жоспарланған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *