Жоғарғы палата депутаттарының Ұлытау ауданына жұмыс сапары
ҚР Сенатының депутаттары Советбек Медебаев пен Серік Шайдаров жұмыс сапары барысында Ұлытау ауданында болып, тұрғындармен бірқатар кездесу ұйымдастырды.
Алдымен парламент депутаттары жергілікті халық қалаулылары – Ұлытау аудандық мәслихатының депутаттарымен кездесті. Советбек Медебаев пен Серік Шайдаров Парламенттің жоғарғы палатасының жұмысы туралы айтып, өңір үшін өзекті мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісті.
Мәслихат депутаттары өз кезегінде Ұлытау ауданындағы жағдай туралы айтып, халықты толғандыратын өзекті мәселелер жайында айтып берді. Сенат депутаттары қоғам қайраткерлерінің барлық сұрағына жауап бере отырып, қажетті көмек көрсетуге ниетті екендерін жеткізді.
Сондай-ақ, қос депутат аудан тұрғындарының жеке қабылдауын өткізді. Азаматтарды қабылдау барысында жұмысқа орналасуға, инфрақұрылымға және абаттандыруға қатысты өзекті мәселелер көтерілді.
Көтерілген әр мәселе бойынша түсініктемелер берілді, өтініштерді жауапты тұлғалар бақылауға алды.